Колледж білім алушылары арасында психологиялық қолдау көрсету, олардың эмоционалдық көңіл күйін жақсарту және қиын жағдайға тап болған жастарға қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Сен жалғыз емессің» атты акция ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шара барысында білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету, өзара түсіністік пен қамқорлықтың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар студенттермен әңгіме жүргізіліп, олардың ой-пікірлері тыңдалды және қажетті кеңестер берілді.
Акцияның негізгі мақсаты - жастар арасында мейірімділік, бір-біріне қолдау көрсету және қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығын насихаттау.
Аталған шараға колледж білім алушылары белсенді қатысып, өзара қолдау мен ынтымақтастықтың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік алды.